Коронавирусқа шалдыққан 381 науқастың жағдайы ауыр
29 қаңтардағы мәлімет бойынша ел өңірлерінде коронавирустан 159 472 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы. NEGE. Оның ішінде 158 140 науқас коронавирустан, 1 332 науқас коронавирус белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр: 10 161 – стационарда; 149 311 – амбулаториялық деңгейде. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 381 адамның жағдайы ауыр;
- 166 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.