Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізетін күн белгілі болды

«Қытайда коронавирустың жаңа түріне арналған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары сәуір айының соңына дейін басталады», – деп мәлімдеді Қытай ғылым және технология министрінің орынбасары Сю Наньпин.

Алматы, NEGE. Жаңа препаратты жасау жұмысы басқа елдермен қатар жүргізіліп жатыр. Қазір вакцинаның кейбір түрлері жануарларға қолданылып, сынақтан өткізілуде. Алда бұл дәрінің адам ағзасына зиянсыздығы, әсері, қауіпсіздігі мен клиникалық қолданыстағы нәтижелеріне зерттеулер басталмақ.

Бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үш аптаның ішінде коронавирустың жаңа түріне арналған екі дәрілік сынақтың нәтижелері жария болатындығын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты