Коронавирусқа қарсы вакцина «Covuity» деп аталуы мүмкін
Жаңа вакцинаның аты белгілі болды.
Алматы, NEGE. Американдық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі Biontech-тің коронавирусқа қарсы вакцинасы «Covuity» деп аталуы мүмкін. Бұл туралы британдық The Daily Telegraph газеті хабарлады. Ол компаниялардың Еуропалық Одақ пен АҚШ-та тауарлық белгіні тіркеуге өтініштерін зерттеді.
Осылайша бұл препарат «адамдарға қолдануға арналған вакцина» ретінде сипатталатын Covuity атауына өтінім 30 мамырда ЕО-ның құзыретті органдарына берілді. Реттеуші бұл өтінішті қараша айының басында мақұлдады. Сонымен қатар тауар таңбасын тіркеуге өтініш Америка Құрама Штаттарында 1 маусымда берілді, бірақ ол рұқсатнама әлі алынған жоқ. Pfizer және Biontech «covuity.com» домендік атауын тіркегені аталды.