Коронавирусқа қарсы иммунитетті анықтау үшін жаппай тестілеу басталды
Мәскеуде коронавирусқа қарсы иммунитеттің бар-жоғын анықтайтын тест жаппай әрі тегін жүргізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті биліктің бұл бастамасы қаншалықты маңызды әрі оның пайдасы қандай болмақ?
Алматы, NEGE. Мәскеу қаласының тұрғындары арасында коронавирусқа қарсы иммунитеттің бар-жоғын анықтайтын жаппай тестілеу 30 емханада жүргізіледі. Барлығы тегін. Әрбір емхана арнайы құралдармен жабдықталған. Ал, тұрғындар тексеруден өтуге кездейсоқ таңдау арқылы шақырылады. Бұл арқылы азаматтың COVID-19-ды жұқтырып алғанын немесе одан жазылып шыққанын біле алады. Жаппай тексеру дертті жұқтырған бірақ оның нышандары байқалмаған, яғни вирусқа қарсы иммунитеті бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. «Бұл індетпен күресуге көмектеседі», - дейді мамандар.