Коронавирусқа қарсы «Фавипиравирді» қолдану неге тоқтады?

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын емдеуден қолданылатын «Фавипиравир» препаратын сатып алуды тоқтату шешіміне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі біріккен комиссия отырысында «Фавипиравир» дәрісін қолдануға қатысты мәселе талқыланды. Талқылау нәтижесі бойынша этиотропты терапияға арналған дәрі-дәрмек заттарына клиникалық зерттеулер жасауға және медициналық жоғары оқу орындарында этиотропты терапияға ғылыми жетелеме жасау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістен енгізу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Қазақстан клиникалық зерттеулердің нәтижесі шыққанға дейін «Фавипиравир» препаратын бірыңғай дистрибютер арқылы сатып алуды тоқтатады. «Қарағанды медициналық университеті» ҰАҚ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, COVID-19 клиникалық хаттамасын әзірлеушілер тобының жетекшісі Бақыт Көшерова осы мәселеге қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.

«Бұл мәселе жөнінде қоғамға түсінікті тілмен баяндауымыз керек. Біріншіден, этиотропты емдеу әзірге тек тәжірибелік тұрғыда жүріп жатыр. Ең әуелі этиотропты емдеу дегенге анықтама берсек. Бұл – аурудың қоздырғышына әсер ететін емдеу. Яғни біз, КВИ туралы және вирусқа қарсы әсер ететін дәрілер туралы түсіндірме беріп отырмыз. Баршаңызға мәлім, біз Қытайдың Ухан қаласында шыққан COVID-19 індеті туралы желтоқсан айында білдік. Содан бері сегіз ай өтті. Ғылымның мүмкіндігі үшін бұл соншалықты көп уақыт емес. Сол себепті дәл қазір бұл вирусқа қарсы нақты мынандай препарат әсер етеді деп сенімді түрде айту қиын. Сәйкесінше, қолданыстағы дәрі-дәрмектер тәжірибелік болып саналады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты