Коронавирусқа қарсы дәрінің өлім қаупін тудыратыны анықталды

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары коронавирустың асқынуымен күресте қолданылатын азитромициннің кейбір басқа дәрілермен бірге қабылдаған кезде жүрек талмасын тудыруы мүмкін екенін анықтады.

Алматы, NEGE. Аталған дәрінің қаупі туралы JAMA Network Open журналындағы зерттеуде айтылған, деп жазды lenta.ru.

Зерттеушілер төрт миллионнан астам пациенттің мәліметтерін талдап, азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау талу, жүрек соғуының жиілеуі, тіпті жүректің тоқтап қалуымен байланысты екенін анықтады.

Электрлік импульстарға әсер ететін дәрі-дәрмекке қан қысымына қарсы дәрілер, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар мен опиоидтар жатады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты