Коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланады

Өйткені елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап барады.

Алматы, NEGE. Польшада тәуліктік өсім 25 мыңнан асып кетті. Бұл былтыр қарашадан бері ең үлкен көрсеткіш саналады. Негізі, бұған дейін вирус өршіп тұрған кейбір өңірлерде карантин енгізіліген еді. Енді бүкіл ел аумағында локдаун жарияланады. Сөйтіп 20 наурыздан бастап қонақ үйлер, мәдәни және спорттық нысандар жабылады. Сауда орталықтарының жұмысы шектеледі. Оқушылар қашықтан білім алады. Негізі, қазір көрші Украина мен Германиядағы эпидемиологиялық ахуал да күрделі. Сарапшылар бұл елдерде коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті