12 марта 2020 г. 18:00

Коронавирусқа байланысты «Келинка Сабинка» фильмі көрсетілмейді

Фото:

Продюсер Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабинка 3» фильмі 19 наурыздан бастап үлкен экранға шығады деп жоспарланған. Алайда, коронавирусқа байланысты кинокартинаның  көрсетілімі кейінге шегерілді.

Алматы, NEGE. Әлемге қауіп төндірген індеттің салдарынан қалың көпшілік кинотеатрға бара алмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлаған еді. Енді көрерменге жол тартатын жаңа туындылар да уақытша көрсетілмейді. Осы орайда Нұртас Адамбай наурыз айында жоспарланған премьераның тұсаукесері өтпейтінін жеткізді.

«Соңғы оқиғаға байланысты «Келинка Сабина 3» фильмнің алдын ала көрсетілімі белгісіз мерзімге ауыстырылады. Қауіпті вирустың таралуы біздің елімізге зиянын тигізбей, айналып өтеді деп сенемін. Баршаңызға сәттілік пен денсаулық тілеймін! Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыз. Жыл сайын девальвацияға қарсы тұратын халқымыз үшін атышулы вирус қауіпті емес. Сабина: Коронавирус, фак ю!)» - деп жазған продюсер қазақстандықтарды сақтық шараларын есте ұстауға шақырды.

 

Тегтер: