Коронавирус жұқтыру деңгейі жоғары өңірлерде карантиндік шаралар күшейтіледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Алматы, NEGE. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л. Бюрабекова өз баяндамасында халық арасында санитарлық тәртіптің сақталмауының кесірінен елімізде коронавируспен ауырғандар саны көбейіп келе жатқаны байқалатынын атап өтті.

- Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр, — деді.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары адамдардың ауыру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.

Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.