Коронавирус жұқтырғандардың көбі сырттан келген

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев науқас адамдармен байланыста болған тұлғалардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Соңғы 4 жағдайдың екеуінде жұқтырған адамдар шетелден келген. 1986 жылғы әйел Лондон қаласынан Стамбул арқылы транзиттік рейспен 15 наурызда таңғы 06.00-де келген. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. 2 жастағы қыз бала Куршевель-Берлин-Алматы бағытындағы чартерлік рейспен келген. Бұл рейс жолаушылары мен экипажы түгел ауруханаға жатқызылды», – деді Т.Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифинг барысында.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді