Коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жетіп қалды

Қытайдан өзге мемлекеттерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169 адамға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі осындай.

Алматы, NEGE. Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың жаңа 1160 жағдайы тіркелген. Қауіпті дерт 58 елге тарап, 104 адамның өмірін қиды.

Коронавирус 5 жаңа мемлекетке тарап үлгерді.

Ауруды жұқтырудың жаңа жағдайлары Эквадорда, Израильде, Мексикада анықталды. Бүгінде әлем бойынша 87 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған.

Айта кетейік, Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жеткен. Елде қатерлі індеттен 12 адам көз жұмды. 50-ге тарта науқас ауыр халде жатыр.

Сондай-ақ, Финляндияда коронавирус жұқтырудың жаңа 2 дерегі анықталған. Вирус зейнет жасындағы ер адамнан және бүлдіршіннен анықталған. Екеуі де үйлерінде карантинде жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды