Коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға өзі барған

Алматыда коронавирус жұқтырған пациенттердің бірі ауруханаға өзі барған. Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Кеше Алматыда тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды. 1986 жылы туған әйел Алматы-Стамбул бағытындағы рейспен 15 наурызда таңғы сағат 6-да келген. Ол арнайы категорияға жатпайтын елден келген соң карантинге жатқызылмады. Кеше алынған қан талдауы оң нәтиже көрсетті», – деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.

Оның айтуынша, әйел тамағы жыбырлап өзін жайсыз сезінген соң қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған. «Ол қызбен байланыста болғандардың барлығы анықталып, карантинге жабылды», – деді ол.

Айта кету керек, COVID-19 эпидемиологиялық ахуалы бойынша Қазақстанда жұқтырғандар саны әр сағат сайын өзгеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді