Коронавирус жұқтырған 278 адамның жағдайы ауыр

19 ақпандағы мәлімет бойынша, 37 116 адам коронавирус инфекциясынан (–35 966 + және 1 150 КВИ-) емделуде.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Олардың ішінде 4 926 пациент стационарда, 32 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: • 278 адамның жағдайы ауыр, • 116 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.