Коронавирус жұқтырған 203 адамның жағдайы нашар

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды