Коронавирус жұқырған 172 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

17 қазандағы мәлімет бойынша, 52 716 адам коронавирус инфекциясынан (–46 116 + және 6 600 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы, NEGE.  17 қазандағы мәлімет бойынша, 52 716 адам коронавирус инфекциясынан (–46 116 және 6 600 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 050 пациент стационарда, 43 666 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 632 адамның жағдайы ауыр,

• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.