Коронавирус жалмап барады

20 қаңтарда келіп түскен соңғы дерек бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түріне 250-ден астам адам шалдыққан. Олардың 218-і Уханьда болса, 5 адам – Пекинде, Шанхайда бір адам, Гуандун провициясында 14 адам дертке шалдыққан. Сондай-ақ, 14 дәрігер осы дертті жұқтырып алған.

Алматы, NEGE. Қытай мамандарының сөзіне сүйенген РИА Новости коронавирустың аса қауіпті түрі Қытай аумағынан шығып, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайландқа да жеткен. Сарапшылардың айтуынша, бұл дерт адамнан адамға жұғады. Қытайдың орталық телеарнасы былай деп хабарлады: «Гуандун провинциясында екі оқиға тіркелді. Дертке шалдыққандар Ухань қаласына бармағанымен, олардың отбасы мүшелері дертті жұқтырып алған. Сондықтан мұны адамнан адамға жұғады деп бағалауға болады».

Сарапшылар дерттің екі ошағын анықтаған. Мәселен Ухань қаласында теңіз өнімдерін көп сатады екен. Алайда алдын ала белгілі болған деректерге қарағанда, дерт теңіз өнімдерінен емес, жабайы жануарлардан жұққанға ұқсайды.

Дерт жұқтырған алғашқы адам 9 қаңтарда көз жұмды. Осы күнге дейін 3 адам өлген. Науқастардың барлығының тынысы тарылып, жөтел қысып, қалтыраған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымы ертең Женевада Қытайдан басталған аса қауіпті дертке байланысты шұғыл жиын жасамақ.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды