Коронавирус: Үш өңірде науқас саны әлі де жоғары

Өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырушылар саны 3081-ге жетті.

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысында өзге өңірлермен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны төмен. Бұған дейін ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында болатын. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 338,

Алматы қаласында - 651,

Шымкент қаласында – 102,

Ақмола облысында – 170,

Ақтөбе облысында - 224,

Алматы облысында - 252,

Атырау облысында - 98,

Шығыс Қазақстан облысында - 114,

Жамбыл облысында - 71,

Батыс Қазақстан облысында -103,

Қарағанды облысында - 392,

Қостанай облысында - 140,

Қызылорда облысында - 64,

Маңғыстау облысында - 40,

Павлодар облысында - 198,

Солтүстік Қазақстан облысында - 72,

Түркістан облысында - 52

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 854 742 жетті.