Коронавирус Түркияға жеткен болуы мүмкін

Түркияда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға түсті. Оның 10-ы Қытайдан келген турист, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қалған екеуі жүргізуші мен туроператор қызметкері. Қазір олар Ақсарай қаласындағы ауруханада бақылау үстінде.

Қытайлық туристер Түрік еліне саяхаттап келген. Олардың бірі жөтелге байланысты кеше кешкісін медициналық ұйымға жүгінген. Сол себепті, науқастың қасындағы байланыста болған 11 кісіні санитарлық-карантиндік тексеруге алынған. Қазір коронавирустың бар-жоғы әлі расталған жоқ.

«Сақтық шарасы ретінде 24 сағатқа дейін бақылаймыз. Өкпе мен қанға сараптама жасалды. Таза шықты. Қалған анализдер денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Жауап келгеннен кейін оларды ауруханадан шығарамыз», – деді провинциялық денсаулық сақтау директоры Керим Йешилдағ.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»