Коронавирус: Тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Пекиннен 217 қазақстандық елге әкелінгенін хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бүгінге дейін Пекиннен 217 азамат эвакуацияланды. Олардың барлығы медициналық мекемелерде. Олардың арасында вирус жұқтырғандар жоқ» деді Біртанов.

12 ақпанда Қытайдан Қазақстанның тағы 145 азаматын әкелу жоспарланып отыр. 343 азаматымыз Қытайда қала беруді жөн санапты.

10-12 ақпан күндері «Эйр Астананың» ұшағы Пекинге ұшып баратыны, Қазақстанда жүрген 47 қытай азаматын ала келуді Қытай тарапыны өтінгені белгілі болған.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады