Коронавирус Ресейге жетті

Италиядан оралған Ресей азаматынан коронавирус табылды, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE.  Дерт жеңіл формада сипат алған. 2 наурызда Ресейге сырттан коронавирус жеткені расталды, оны Италиядан оралған Ресей азаматы әкелген, деп хабарлады штабтағылар.

Ол дерттің жеңіл формада өрбіп жатқанын айтты. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша жас жігіт Италияда демалыста болғанда ауырып қалған. Ресейге 23-ші күні оралған ол Мәскеу облысында жер үйде тұрады екен. Бірнеше күннен кейін ол ЖРВИ белгілерімен жергілікті емхананың қызметіне жүгінген, сол жерден ол жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Болжам бойынша бұл Мәскеуден Миланға ұшқан Ресей футбол одағының қызметкері Давид Беров туралы болуы мүмкін. «Новая газетаның» хабарлауынша, Беровтың өзі бұл диагноз туралы ештеңе білмейді.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды