Коронавирус: Ресейде рекорд тіркелді

Кейінгі тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырған 24 822 адам анықталды. Инфекциямен күрес бойынша жедел штабтың мәліметінше, бұл – жаңа рекорд, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Бір тәулікте коронавирустан 467 адам қайтыс болған. Тағы 26 021 адам аурудан айықты. 

Жаңа жағдайлар Ресейдің 85 өңірінде тіркелген. Науқастардың төрттен бір бөлігінде (5816 адамда) ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр. 

Науқастар саны бойынша бірінші орында – Мәскеу, 7168 адам. Екінші орында – Петербург, 2476 адам. Подмосковьеде – 916 адам анықталған.

Ресей бойынша науқастардың жалпы саны – 2 064 748. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды