Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма?

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салынса тұмаудың вакцинасын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE. "Біз тұмауға қарсы вакциналауды үнемі өткіземіз. Қазір коронавирусқа қарсы да вакциналау жүрігізіліп жатыр. Екі вакцина арасында 2-4 апта интервал сақтаулуға тиіс. Демек егер адам коронавирусқа қарсы вакцина алған болса тұмауға қарсы екпені тек екі аптадан астам уақыттан кейін салғызуына болады. Әрине өзін жақсы сезінсе, еш жері ауырмаса" - , деді Бекшин.

Сонымен қатар ол неге екі вакцинаны да алу қажет екенін түсіндірді.

"Бір мезетте коронавируспен де, тұмаумен де сырқаттанып қалған жағдайда ағзаға ауырлық түседі. Оны екінің бірі жеңе алмайды, әсіресе жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан екі екпені де алған дұрыс", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды