Коронавирус пен пневмонияның біріктірілген статистикасы: бір тәулікте 66 адам көз жұмды
Бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның біріктірілген статистикасын жариялады. Ол 4 санатқа бөлінген.
Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, 1 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 1226 адам тіркелді.
Қаза тапқандардың саны 36. Ал коронавирустың белгілері бар пневмониямен ауырғандардың қатары - 5181. Бұл адамдардың тестілері теріс нәтиже берген. Осындай диагнозбен соңғы тәулікте 30 адам көз жұмған.