Коронавирус. Өзбекстанда 37 адам індет жұқтырған

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған тағы төрт адам тіркеліп, науқастар саны 37-ге жетті. Бұл туралы бүгін, 21 наурыз күні Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Алғаш рет Өзбекстанда қауіпті індет 15 наурыз күні анықталған еді. Франциядан оралған Ташкент тұрғыны коронавирус жұқтырған бірінші адам болды. Ал кешеге дейін сырқаттар саны 33-ке ұлғайған. Оған бүгін тағы тағы 4 адам қосылды.

Апта басында Өзбекстан Денсаулық сақтау минстрлігінің өкілі Бахром Алматов емделушілердің жағдайы тұрақты екенін хабарлаған. Қазір 2 мың 300 адам карантинде жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды