Коронавирус: Мысықтан абай болыңыз
Қытай ғалымдары Уханьдағы жүзге тарта жабайы және үй мысықтарын ұстап, сынамаға қан алып көрген. Сөйтсе, жануарлардың 15 пайызы COVID-19 инфекциясын таратушы болып шыққан.
Алматы, NEGE. Зерттеу кезінде ғалымдар қаланың әр жерінде орналасқан жануарлар паналайтын орындарды түгел аралап шығыпты. «Біз оншақты мысықтан SARS-CoV-2 анықтадық. Эпидемия тараған Жердің басқа өңірлерінде де осындай жағдай болуы мүмкін», – деп, қытай ғалымдары үй жануарларынан сақтануға шақырып отыр.