Коронавирус мәңгі қалуы мүмкін

Ресей ғылым академиясының академигі Виталий Зверев коронавирусқа қатысты жағдайға болжам жасады.  Маманның айтуынша, SARS-CoV-2 адам өмірінде бірнеше жылға, тіпті мәңгіге қалуы мүмкін. Коронавируспен әлем халқының 70 пайызы ауырып шығады, ол адам өмірінде тұмау немесе аденовирус ретінде қалады.

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бұл вирус адам өміріне тек бүгін, ертең, жазға дейін не күзге дейін уақытқа келген жоқ. Ол біраз уақыт, тіпті өмір бойына қалуы мүмкін. 70-80 пайыз адам вирус жұқтырады», - дейді вирусолог. 

Сарапшының сөзінше, егер COVID-19 қоздырғышының болуына ресейліктерді тестілеуден жаппай өтсе, оны жұқтырғандар саны жоғары, алайда коронавирустық инфекциядан өлім көрсеткіші төмен болар еді.

«Негізі өлім саны ешқандай да 5 пайыз емес, нақты сан тұмаудан болатын өлім санынан да аз», - деді маман. 

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?