Коронавирус Кремльге кірді
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков мемлекет басшысының әкімшілігінде бір адамның коронавирус жұқтырғанын растады.
Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Песков індет жұқтырған қызметкердің Путинмен байланысы болмағанын атап өтті, деп хабарлады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған sport24.ru.
«Президент әкімшілігі вирустың таралуын болдырмау үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қабылдады» депті Песков сөз соңында.