Коронавирус: көз жұмғандар саны 639-ға жетті

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Ухань қаласында коронавирустан тағы 73 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Әлем бойынша бұл індеттің құрбандарының саны 639-ға жетті.Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Ухань қаласында коронавирустан тағы 73 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Әлем бойынша бұл індеттің құрбандарының саны 639-ға жетті.

Алматы, NEGE. Күні бүгінге дейін Қытайдың өзінде вирус жұқтырған 31 161 адам тіркелсе, Қытайдан тысқары жерлердегі дәл осындай диагнозы расталған науқас саны 318 болды. Індет жұқтыру мен одан көз жұму деректерінің дені Қытайда тіркелуде, оның ішінде жұмбақ вирус бұрқ еткен Хубэй провинциясында өлім-жітім азаймай тұр. Мұнда қайтыс болғандардың саны 600-ден асып кетті. Хубэйдің денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы 15 804 науқастың 841-і ауыр халде жатқанын хабарлады.

 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады