Коронавирус кәріз жүйесі арқылы тарайтыны дәлелденді

Қытайлық ғалымдар коронавирус кәріз жүйесі арқылы тарайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Bloomberg.

Алматы, NEGE. Environment International журналында жарияланған материалды зерттеуге ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесінде коронавирус қоздырғышының анықталуы себеп болған.  

Ақпанда ғалымдар коронавирустың құбыр арқылы тарауы мүмкін екенін айтқан. Зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін бұл теория дәлелденген. 

Коронавирус қоздырғышы анықталған жуыну бөлмесі COVID-19 жұқтырған науқастар тұратын пәтерден жоғары үйде орналасқан. Зерттеушілер вирус құбырдан кішкентай бөлшектер арқылы өтетініне көз жеткізу мақсатында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде аэрозоль бөлшектері 10 және 12 қабаттан анықталған.  

Бұған дейін 17 жыл бұрын Гонконгте атипиялық пневмонияның тарауына да су құбыры себеп болған. Ол кезде ауруды үйдің 329 тұрғыны жұқтырып, 42 адам қайтыс болған.   

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып дабыл қақты