Коронавирус қайта өршіді

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 жағдайы тіркелді.

Алматы, NEGE. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 33, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында - 3, Алматы облысында - 3, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 7, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 9, Қарағанды облысында - 7, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 9, Солтүстік Қазақстан облысында - 19, Түркістан облысында - 0. Айта кетейік, 9 наурызда қауіпті індет 89 адамда тірклеген болатын. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 304 220 адамнан анықталды.