Коронавирус қайта күшейіп жатыр

Әлем елдерінде COVID-19 инфекциясы қайта белең ала бастады. Канаданың Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында ауру өршіп тұр

, деп жазды 24.kz .

Алматы, NEGE. Мұнда 1 аптада 9 мың жағдай тіркелген, оның 19-ы өліммен аяқталып отыр дейді мамандар.

Ал Сингапурда бір апта ішінде 56 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 75 пайызға көп. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды ғимарат ішінде бетперде тағып жүруге шақырды.

Германияда да осыған ұқсас жағдай. Мұнда соңғы 1 аптада коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 27 мыңға жеткен. Эпидемиологтар алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді