Коронавирус Италиядан Еуропаға жайылды

Еуропаның бірқатар елдерінде коронавирус жұқтырған науқастар тіркелді. Олардың барлығы Италиядан тараған індетке шалдығуы әбден мүмкін. Қазір бұл елде 300-ден астам адам ауруханаға түсіп, 11 кісі қайтыс болған.

Алматы, NEGE. BBC агенттігінің хабарлауынша, Австрия, Хорватия және Швейцарияда науқастар тіркелген. Олардың барлығы да жуырда Италиядан оралған. 17 ақпан күні Алжирге келген Италия азаматынан да қауіпті індеттің белгілері табылды. Бұған қоса, Италиядан жақында іссапардан оралған Бразилияның 61 жасар азаматы да төсек тартып жатыр.

Италияда коронавирус қаупі күшейсе де, Еуропа елдері шекарасын жабуға асығар емес. Кеше көршілес елдер арасындағы адамдар ағынын тежеудің  қажеті жоқ деген шешімді Франция, Германия, Италия денсаулық сақтау министрлері мен Еурокомиссия мүшелері шығарды. Дегенмен Германия денсаулық министрі Йенс Шпан Италиядағы жағдайдың ушығып кетуі мүмкін екенін мойындаған.

Естеріңізге сала кетейік, Италия қазір коронавирус күш алған Қытай мен Ираннан кейінгі үшінші ел болып тұр.

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты