Коронавирус індетінің ошағында дәрі-дәрмек жетіспеуде

Өкпе қабынуын қоздыратын жаңа вирус індетінің ошағы – Хубэй провинциясының билігі ауру жұқтырғандар санының өсіп бара жатқанына байланысты дәрі-дәрмек тапшылығына тап болған. Бұл туралы жапонның NHK телеарнасы хабарлауда.

Алматы, NEGE. ҚХР денсаулық сақтау Ұлттық комиссиясы 14 380 адамның вирус жұқтырғанын, ал бұл дерттен 305 адамның көз жұмғанын растады. Дәрігер мен емханада орын жетіспеушілігі мәселесі де әлі өткір тұр.

Хубэй паровинциясындағы ауруханаларда бетперде мен дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.

Вирус жұқтырған тұрғынының саны бойынша Уханьнан кейінгі екінші орында тұрған Хуанган қаласының әкімі жұқпалы аурудың таралуының алдын алуды қамтамасыз ете алмағаны үшін 6 жоғары лауазым иесін қызметінен алып тастаған.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті