Коронавирус індеті дес бермей тұр

Бразилияда коронавирус індеті өршіп тұр.

Алматы, NEGE. Аймақта тәулігіне тіркелген науқастар саны күн өткен сайын артып барады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта 82 мың адам вирус жұқтырған. 3 мың 200-ден астамы дертінен айыға алмай көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес пандемия басталғалы Бразилияда вирусқа шалдыққан дімкәс жандардың қатары 12 млн-нан асқан. Қазір елде иммунизация шарасы қолға алынған. Билік өкілдері жақын арада Pfizer мен Johnson & Johnson компанияларымен келісімшартқа отырды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті