Коронавирус Гонконг дүкендерінің сөрелерін қаңыратты

Гонконг қаласындағы бірқатар супермаркеттердің сөрелері қаңырап қалған. Әжетхана қағаздары, санитарлық жуу құралдары, тіпті сабынға дейін тапшы. Дүкендерде иін тірескен жұрт соңғы гигиеналық заттарға таласуда.

Алматы,NEGE. Мұндай жаппай сатып алуға интернетте тарап кеткен Қытай коронавирусқа байланысты шекараны жауып, Гонконгке осындай тауарларды, оның ішінде дәретхана қағаздарын жеткізуді тоқтатады деген жел сөз себеп болған.

Гонконг үкіметі мұның қауесет екенін айтып, халықты сабырға шақыруда. Дегенмен ел осы тауарлар үшін сағаттап ұзын-сонар кезекке тұруда.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін