Коронавирус ер адамдарға қауіпті

Мамандар коронавирустың еркектерге қауіпті екенін анықтаған. Мұндай тұжырым Қытай денсаулық сақтау комиссиясының зерттеулері негізінде жасалды.

Алматы, NEGE. Ғалымдар мұндай байламға қауіпті індеттен алғаш қайтыс болған 425 адамды жынысына қарай айыру кезінде келген. Себебі осы адамдардың әрбір үшіншісі ғана әйелдер, қалғаны ер адамдар болған. Мұның себебін мамандар ер адамдардың темекіге әуестігімен байланыстырады. Себебі темекімен зақымданған әлсіз өкпеде вирус тез өркен жаятын көрінеді.

Алайда «Известия» басылымы тілдескен ресейлік ғалымдар «бұл әлі нақтыланбаған тұжырым» деген. Олардың ойынша, бұған әлі толықққанды дәлел жоқ. Әзірге белгілі бір дәйек, коронавирус егде кісілерді иектегіш. Бұл аурудан алпыстан асқандар жиі жан беріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды