Коронавирус: Еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта

2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Астана, NEGE. Оған сәйкес, еліміздің барлығы өңірі «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.

«Қызыл» және «сары» аймақтарға енген өңірлер жоқ.