Коронавирус: бір тәулікте 244 адам ауырып, 110 тасымалдаушы адам тіркелді
19 тамыз күні елімізде коронавирус індеті 244 адамнан анықталды, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Алматы, NEGE. Елімізде өткен тәулікте 244 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы 110 адам тіркеліп отыр. Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 8, Алматы қаласы - 24 / 8, Ақмола облысы - 17 / 10, Ақтөбе облысы - 6 / 5, Алматы облысы - 4 / 1, Атырау облысы - 20 / 20, Шығыс Қазақстан облысы - 27 / 4, Жамбыл облысы - 8 / 7, Батыс Қазақстан облысы - 18 / 10, Қарағанды облысы - 25 / 10, Қостанай облысы - 13 / 4, Қызылорда облысы - 1 / 1, Маңғыстау облысы - 7 / 7, Павлодар облысы - 3 / 1, Солтүстік Қазақстан облысы - 16 / 5, Түркістан облысы - 17 / 9. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 103 815.