"Коронавирус Бас прокуратураға да жетті"
Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен ҚР Бас прокуроры орынбасарының көмекшісі коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Оқырманымыздың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің ағзасынан вирус табылғаны анық көрінеді. Ал Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрт орынбасары бар. Бірінші орынбасар Берік Асыловтан бөлек тағы үш орынбасар мыналар: Ерлік Кененбаев, Марат Ахметжанов және Болат Дембаев. Орынбасарлардың қайсысының көмекшісі вирус жұқтырғаны әзірге белгісіз. Тілшіміз мән-жайды анықтау үшін ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне хабарласты. Баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Ким бұл мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты. Мекеме карантинге жабыла ма, жоқ па, бұл жағы да белгісіз.