Коронавирус 8 млн адамға жұққан

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 8 млн жуықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.


Алматы, NEGE. Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес  әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 989 232 жағдайы анықталған, 435 474 адам көз жұмған және 4 107 874 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (2 162 144 адам ауру жұқтырса, 117 853 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (867 882, 43 389), үшінші орында - Ресей (сәйкесінше 528 964, 6948), төртінші орында - Үндістан (333 008, 9520), бесінші орында - Ұлыбритания (295 889, 41 698), алтыншы орында – Испания (291 008, 27 136), жетінші орында – Италия (236 989, 34 345), сегізінші орында – Перу (229 736, 6688), тоғызыншы орында – Германия (187 671, 8870), оныншы орында - Иран (187 427, 8837).

Қазір оқып жатыр

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды