Коронавирус: 2564 адам жұқтырып, 25 науқас көз жұмды

К

оронавирус инфекциясы бойынша кешкі эпидемиологиялық ахуал жарияланды.

Алматы, NEGE. "Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 21, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Атырау облысында – 4", - делінген ресми хабарламада. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2564 адам анықталды. Айта кетерлігі, бүгінге дейін елімізде 25 науқас коронавирустан көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Маңғыстау облысында тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?