Коронавирус: 227 адам ауыр жағдайда жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарға байланысты 18 қарашадағы жағдайды баяндады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «18 қарашадағы жағдай бойынша 9 541 адам коронавирус инфекциясынан ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде 468 бала бар. Стационарларда 2 991 пациент ем алуда, амбулаториялық ем қабылдап жүргендердің саны – 6 550 адам», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 227 адамның жағдайы ауыр болса, 24 адамның жағдайы аса ауыр. Тағы 22 адам өкпені жасанды түрде желдету аппаратына қосылған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды