Коронавирус: 148 науқастың жағдайы нашар

Коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.