Коронавирус қайта көбейді: ДДСҰ бетперде тағуға шақырды

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. "COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

"Жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз", - деді ДДҰ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді