Корнавирус ғұмырын қиғандар соңғы сәтте қандай күй кешеді?
Итальяндық дәрігер Франческа Кортелларо коронавируспен ауырып, көз жұмғандардың соңғы сәттері туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, науқастар демі таусыларда жақындарын іздеген.
Алматы, NEGE. Коронавирус жұқтырғандар дерт күшейген сәтте де ақыл-есін жоғалтпайды. Сондықтан болар, өмірінің соңғы минуттарында науқастардың бәрі жанталаса жақындарын, туыс-туғандарын іздейді екен. Өкінішке қарай, олар ғұмыры үзілер сәтте жалғыз болады.
«Әне-міне өмірден өткелі жатқан адамның орындалмас тілегін есту – өте ауыр. Дегенмен дәрігерлер науқас пен оның туыстарының арасында бейнебайланыс орнатуға тырысады» дейді Кортелларо.