Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегер атанды.

Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек