«Қорғас» ШЫХО басшысы тағайындалды

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) басшысы болып Дінмұхамед Әбсаттаров тағайындалды.

Алматы, NEGE. «Бүгіннен бастап мен «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне ауысып жатырмын. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры болып қызмет жасаған уақыт ішінде жаңарып келе жатқан қасиетті Түркістан қаласының гүлденуінің куәсі болдым. Осындай мүмкіндік берген «Атамекен» ҰКП басшылығына, әріптестеріме алғысым шексіз», - деп жазған Әбсаттаров өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін ол 2019 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәспікерлер палатасының директоры, оған дейін 2018 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін «Атамекен» ұлттық кәспікерлер палатасының сауда департаментінің директоры – басқарушы директоры, оның алдында 2018 жылы ҰКП басқармасы төрағасының кеңесшісі болған.

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты