Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады

ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады. Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады.

Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыруда.

Айта кету керек, аталған реформалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде іске асырылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты