Қорғаныш респираторларын шығаратын цех іске қосылды

Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды.

Алматы, NEGE. Басшылық жақында ғана Қытайдан құрылғы сатып әкелген. Алдағы уақытта айлық өнімді 1 млн-ға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Тауарды патенттеп те үлгерген. Қытайдың осыған ұқсас қорғаныш заттарынан гөрі Қарағандыда жасалған респираторлар әлдеқайда сапалы.

Цех басшысының орынбасары Ақылбек Бекенов: "Біздегі қорғаныш қатары 4 қабаттан тұрады. Қазір бірқатар кәсіпорындармен келісімшартқа отырдық. Алдағы уақытта Ресейге де шығару жоспары бар. Қазір бізде 30-дан астам адам жұмыс істеп жатыр" деді. 

Алдағы уақытта қызметкерлер саны 100-ге дейін жетеді. Егер жұмысшылар саны артатын болса, кәсіпорын басшылығы оларды өздері оқытып алмақ. Тіпті жауапты мамандармен келіссөз жүргізіп қойған. Тек ғимараттың тарлығы қолбайлау болып отыр. Ал басшылық алдағы уақытта ерекше жандардың қолынан шыққан респираторлардың бір тобын парламент депутаттарына тегін жолдамақ.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады