Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

ҚР Қарулы Күштерінің тыл және қару-жарақ басқармасының басшысы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды.  Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды Tengrinews.

Алматы, NEGE. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің тыл және қару-жарақ басшысы полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады", - деді Қорғаныс министрлігінің өкілі, майор Ғани Нүсіпов.

Ол басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайтынын айтты.